Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Тарих ғылымдарының магистрі Е.Бөлекбаев «Жат діни ағымдардың жастарға кері әсері» тақырыбында кездесу өткізді.

Автор: admin от 16-04-2024, 12:43, посмотрело: 17

0 2024 жылы 16 сәуір күні Мағжан Жұмабаев атындағы №19 мектеп-гимназиясында 8-сынып оқушыларына дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизм мен теріс діни ағымдардың алдын алу бағытында Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының дінтанушы, Тарих ғылымдарының магистрі Е.Бөлекбаев «Жат діни ағымдардың жастарға кері әсері» тақырыбында кездесу өткізді.
Е.Бөлекбаев дәстүрлі емес діни ағымдардың ерекшеліктер мен ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен әдет ғұрыптарымызды теріске шығарып, жастарға тигізіп отырған зияндылығы туралы түсіндіріп өтті. Қазіргі таңда жастарымыздың жат ағамдардың арбауына түсіп қалмауы үшін жастарымыздың діни сауаттылығын арттыру керектігін, әлеуметтік желілерде тыйым салынған уағыздардан сақтануын түсіндіре келе оқушыларға ҚМДБ-ның сайттарынан мәлімет алуға болатынын ескертті. Сонымен қатар, халқымыздың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына тоқталды.

Категория: Бейнежазбалар