Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қазақстан Ғылым акедемиясын ұйымдастырушы әрі оның тұңғыш Президенті Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақстанның пайдалы қазбалары» атты дөңгелек үстел өткізді.

Автор: admin от 12-04-2024, 12:20, посмотрело: 9

0 12 сәуір күні 10 б сыныбымен мектеп кітапханашысы М.С.Аюпова мен сынып жетекшісі М.Е. Турғанбаева аса көрнекті ғалым, геолог, мемлекет қайраткері, Қазақстан Ғылым акедемиясын ұйымдастырушы әрі оның тұңғыш Президенті  Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақстанның пайдалы қазбалары»  атты дөңгелек үстел өткізді.  Дөңгелек столдың мақсаты:Оқушыларға Қаныш Сәтбаев жайлы мәлімет бере отырып әдеби тілін қалыптастыру,сөздік қорын молайту,ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытып, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.  ғалымның өнегесі мен еңбектері арқылы оқушыларды білімді, дарынды, өнегелі болуға тәрбиелеу, отансүйгіштік сезімдерін арттыру.

Категория: Бейнежазбалар

 

“Директор сағаты” жобасы аясында ата-аналар мен мектеп мұғалімдері арасында кездесу өтті.

Автор: admin от 12-04-2024, 09:06, посмотрело: 12

0 12.04.2024 жылы “Директор сағаты” жобасы аясында ата-аналар мен мектеп мұғалімдері арасында кездесу өтті.
 Кездесу барысында ата-аналар өз балаларының үлгерімі жайлы, алдағы уақытта білім сапасына байланысты сұрақтарын қойып,өз деңгейінде жауаптарын алды. 
  Мектеп мұғалімдері өз араларында мазалаған сұрақтарын қойып, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері алдағы өтетін спорттық шараларды мектеп директорымен ақылдасып, талқылады.

Категория:

 

Мемлекет басшысы Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысын өткізді

Автор: admin от 12-04-2024, 08:59, посмотрело: 12

0 Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің алғашқы отырысын өткізді. Жиында еліміздің ғылыми-техникалық саясатының алдағы басымдықтары айқындалды.

 Мемлекет басшысы қай заманда да дамудың басты кілті ғылым екенін атап өтті.
Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы – білімнің жемісі. Әсіресе қазіргі озық технология дәуірінде ғылымсыз алға басу мүмкін емес.
Жалпы, біз алдымызға қол жеткізе алмайтын тым асқақ мақсаттар қоймауымыз керек, бірақ ғылыми жетістіктерге жету үшін бар күш-жігерімізді салуымыз қажет. Қазақстан үйренетін емес, үйрететін, тұтынатын емес, өндіретін мемлекетке айналуға тиіс. Бұл міндет бос сөз күйінде қалмауы керек. Ол үшін біз әрдайым батыл қимылдап, бір қадам алда жүруіміз қажет. Жұмысты дұрыс үйлестіре алсақ, бұл шаруа біздің қолымыздан келетіні анық!

Категория: