Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

"Астана бас қас қала-Талдықорған жас қала" атты жоба

Автор: admin от 30-01-2018, 22:12, посмотрело: 455

1

Астана сенен биік қала бар ма? 
Дара жүзің ұқсайды даналарға.
Күй кешіп ем жұмаққа келгендей бір
Сені алғаш анаммен араларда.

Астана сенен асқақ тұғыр бар ма?
Қуат беріп келесің құлын жанға.
Түннің ояу жатқаны қандай ғажап,
Жұлдыз біткен қойныңа тығылғанда.

Астана сені айтпаған сөз қалдыма,
Кербез көркің келеді көз алдыма.
Сенде туған сәбилер біледі ма?
Жүргендерін бақыттың базарында.

Астана мәртебемнің мұнарасы,
Шаһарлардың ақылман ғұламасы.
Айбарым мен айбатым тек өзіңсің,
Сондықтан сүрінбеші, құламашы.

Астана рухың биік, жаңарың шат,
Елім үшін басқадан бағалым нақ.
Талдықорған жас қала күннен күнге,
Біле білсең келеді саған ұқсап.

Көремін екеуіңнің үндестігін,
Көремін екеуіңнің бір кескінің.
Талдықорған тұрағым мақтанышым,
Астана мәңгі менің сөнбес күнім.

7"А" сынып оқушысы Доскали Абыр

 



 




 


 


Категория: Оқушылар жетістіктері

 

"Астана бас қас қала-Талдықорған жас қала" атты жобаны қолдауға мектебіміздің "Жігер" домбырашылар клубы

Автор: admin от 30-01-2018, 22:04, посмотрело: 988

0 Рухани жаңғыру аясында ұйымдастырылған Жас Отан жастар саясаты бөлімінің Қазақстан Республикасының Елорпдасы-Астана қаласының 20 жылдығына арналған, жасөспірімдер арасында шығармашылық және зияткерлік қабілетін арттыру, оқырмандық көзқарасын кеңейту, өз талантын көрсету мақсатында "Астана бас қас қала-Талдықорған жас қала" атты жобаны қолдауға мектебіміздің "Жігер" домбырашылар клубы күйлерімен қолдаса, "Жас тілші" клубының мүшелері мәнерлеп өлең оқу арқылы қолдау көрсетті. 


 


 

 

 


 

Категория: