Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

"Жас ақындар" байқауы

Автор: admin от 29-01-2018, 22:20, посмотрело: 1101

0

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі жетекшісі Дюсембинова Назира Ермуханқызының тікелей ұйымдастыруымен және осы бірлестіктегі тәжірибеден өтуші шәкірттеріміз Дәулетова Айдана,
Жанайдарова Аруна, Шенгелбаева Назеркенің жүргізіп, қатысуымен "Жас ақындар" байқауы өтті. Мұндағы мақсат оқушыларымыздың кітап оқуға, өлең- жыр оқуға деген қызығушылығын ояту, өлең жазуға деген ынтасын ояту болатын. Байқауға 5- 10 сынып аралығындағы 22 оқушы қатысты. Суырылып 22 оқушының байқауға катысуға ниет білдіруі көңіл қуантады. Жеңімпаз ақындар марапатталып, қатысушы ақын балалар номинациялық мақтау қағаздарына ие болды. Әдеби кештің әділ- қазылар алқасына арнайы шақыртылған талантты ақын жігіт Байжұма Медетке және әнші шәкірт Берікбол Дәуренге ризашылығымызды білдіріп, алғыс айтамыз! 
 Бас жүлдеге ие болған "Жас ақын" - 5"Б" сынып оқушысы Жанатбек Алматты , сынып жетекшісі Кунафин Думанды құттықтаймыз!!! Қаламы ұштала берсін! Талантына , талабына нұр жаусын!

І орынға ие болған 6 "ә" сынып оқушысы Меліс Маржанды, жетекшісі Исаева Светлана Нұрғазықызын, сынып жетекшісін құттықтаймыз!!!

ІІ орынға ие болған 9"б" сынып окушысы Жанат Аятолла мен жетекшісі Айжан Нұргазықызын, сынып жетекшісі Амралиева Салтанат апайды жеңісімен құттықтаймыз!!!

ІІ орынға ие болған 7"б" сынып окушысы Жанатбек Ерзат пен жетекшісі Айман Болатқызын, сынып жетекшісі Хамитова Жанат апайды жеңісімен құттықтаймыз!!!

ІІІ орын алған 6 "а" сынып окушысы Гапуова Аружанды және жетекшісі Бакыт Балтабайқызын, сынып жетекшісі Мукашева Әсемді жеңістерімен құттықтаймыз!!!

ІІІ орын алған 9 "б" сынып окушысы Құрман Ерасылды және жетекшісі Айжан Нұргазықызын, сынып жетекшісі Амралиева Салтанат апайды жеңістерімен құттықтаймыз!!!

ІІІ орын алған 9 "а" сынып окушысы Маликов Мухаммадты және жетекшісі Исаева Светлана Нурғазықызын, сынып жетекшісі Дауренбекова Лаззат апайды жеңістерімен құттықтаймыз!!!



 

 



 


 


Категория: Оқушылар жетістіктері