Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«7-20-25» бағдарламасы

Автор: admin от 14-03-2018, 23:09, посмотрело: 651

15

Үстіміздегі жылдың 5 наурыз күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа бағдарламаны жария етті. «Мен «7-20-25» бағдарламасын іске қосуды ұсынамын. Яғни, әрбір жұмыс істейтін қазақстандық теңгемен ипотекалық займды келесі шарттармен алу мүмкіндігіне ие болады. Аталған бағдарлама бойынша ипотекалық несиенің жылдық мөлшері 7 пайыздан аспайтын, бастапқы жарна 20 пайызға дейін, мерзімі 25 жылға дейін болады», - деді НұрсұлтанНазарбаев.

«7-20-25» бағдарламасы қазір қоғамда қызу талқыланып жатыр. Мектеп ұжымы да осы бағдарламаны талқылап өтті.

Баспаналы болғысы келетіндер енді ипотекадан қорықпайтын болды. - Бұған дейін банктен несие алып, баспана алу расымен де ойлантарлық іс болатын. Қазір кез келген адамға бұл бағдарлама қолжетімді деп ойлаймын. Енді ғана шаңырақ көтерген жас отбасылар үшін 7 пайыздық бағдарлама өте тиімді. Өйткені 25 жылдың ішінде барлық несиені төлеп бітіруге болады. Баспанасы жоқ жандарға бұл үлкен мүмкіндік.


 



Категория: