Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Хаттамасы № 1. 2020-2021 оқу жылы

Автор: admin от 4-09-2020, 08:35, посмотрело: 1155

0
«М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша жалпыға бірдей міндетті білім беру қорын бөлу комиссиясы отырысының
Хаттамасы  № 1

Күні:    04.09.2021 жыл
Қатысқаны:  мектеп директоры Қ.Т.Сарқытов, 
ЖБМББ  қорының  комиссия   мүшелері 6

Күн тәртібінде: 
  1. 2020-2021 оқу жылына арналған мектеп-гимназия бойынша жалпыға бірдей міндетті білім беру қорын бөлу комиссиясын құру, атқарылатын жұмыс жоспарын талқылау, бекіту. Мектеп директоры: Қ.Т.Сарқытов
  2. Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан бөлінген қаражатқа  аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларға көмек көрсету туралы.  ДТІЖО: А.А.Қожекенова
  3. Әр түрлі мәселелер.
Тыңдалды: 
        Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры: Қ.Т.Сарқытов сөз алды. Ол өз сөзінде:  2020-2021 оқу жылында мектеп-гимназия бойынша сынып жетекшілердің қатысуымен ата-аналар комитетінің тексеру актісі тұрғысында ұсынылған анықтама  негізінде барлық оқушыларды 3 топқа бөліп, сараланды. Осы бағытта тәрбие бөліміне және сынып жетекшілерге нақты тапсырмалар беріліп, жұмыс жоспарында барлық жағдай қамтылуын талап етті. Ата-аналардың талап-тілегі басты талап екенін атап өтті.
     Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Қожекенова мынадай мәлімдеме жасады: мектеп-гимназия бойынша ата-аналардың талап-тілегі, өтініштері ескеріліп, барлығы 185 оқушының берген өтініштеріне сәйкес қаралып, анықталды.  Атап айтқанда: қамқорлыққа алынған  оқушы саны – 2, патронаттық тәрбиеде-2,  тегін ыстық тамаққа өтініш білдірді,  ондағы: көпбалалы отбасы балалары -51  аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары – 38, оның ішінде АСП алатындар саны-92 бала.
     Жоғарыда аталған оқушылардың құжаттарымен толық таныстырып өтті. Мектеп асханасынан ЖБМББ қорының есебінен 2020 жылдың қыркүйек айы бойынша 93 оқушы, арендатор есебінен 92 оқушы тегін тамақ ішетіні туралы айта кетті. Бірақ еліміздегі пандемияға байланысты балалар қашықтықтан оқытылуына байланысты тегін ыстық тамақ ішілмейді.
Сонымен қатар мектеп-гимназия бойынша 2020-2021 оқу жылына арналған жалпыға бірдей міндетті білім беру қорын бөлу комиссиясын құру, атқарылатын жұмыс жоспарын талқылап, бекіту жайында сөз қозғалды.  
 Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорын бөлу комиссия құрамы 7 адамнан құрылып, дауысқа салынды.  Олар: комиссия төрағасы- Қ.Т.Сарқытов, мүшелері: А.А.Қожекенова, А.А.Шаяхметова, Л.К.Каримова, Н.Б.Шаужанова, мектеп медбикесі Г.Кельген,    әлеуметтік педагог Т.М.Әдібай және мектеп бухгалтері Ж.Дауренбекова.
Жыл бойы бекітілген жоспар негізінде мақсатты жұмыс атқару міндеті тапсырылды.
Шешім:
  1. Мектеп-гимназия бойынша әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасынан шыққан ата-аналар комитетінің тексеру актісі, олардың құжаттарымен танысу негізінде анықталған 185 оқушыға жыл бойы  материалдық көмек көрсетілсін.
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметінің №64  (05.01.2008 жылдың) қаулысы  негізінде әлеуметтік жағдайы төмен оқушылар мектеп тарапынан материалдық көмекпен және тегін ыстық тамақпен толық қамтамасыз етілсін және жыл бойы назарда ұсталынсын.
  3. Оқушылардың қажетті құжаттары ретке келтіріліп, тізімі жасалынып бекіту жұмыстары сынып жетекшілерге міндеттелінсін.
  4. Осы шешімнің орындалуын қадағалау ДТІЖО:А.Қожекенова                          жүктелсін.
Комиссия төрағасы:                                        Қ.Т.Сарқытов
       Хатшы:                                                         В.К.Маликова

Категория: