Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің құрметті педагогтері, «Қазақстанның Еңбек ері», «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атақтарының иегерлерімен кездесті. Олардың қатарында мектебіміздің мақтанышы- Светлана Нұрғазықызы да бар.

Автор: admin от 27-03-2024, 14:08, посмотрело: 25

0 ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің құрметті педагогтері, «Қазақстанның Еңбек ері», «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атақтарының иегерлерімен кездесті. 
Олардың қатарында 
мектебіміздің мақтанышы- Светлана Нұрғазықызы да бар. 

 кезегінде министр ұстаздарға ерен еңбегі мен балаларға деген сүйіспеншілігі және жанашырлығы үшін алғыс білдірді. Олардың үздік тәжірибелері мен парасат-пайымдары өңірлерде таратылуы керектігін айтты.

«Ыбырай Алтынсарин «Мұғалім болу – мансап емес, жоғарыдан берілген сый» деп айтқан. Мұғалімнің еңбегі көпқырлы әрі жан-жақты, оңай емес. Ал қазіргі педагог – ол барлық әріптестері үшін көшбасшы және үлгі болуы тиіс. «Қазақстанның Еңбек ері», «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын алған мұғалімдер мектепті басқару мәселелеріне, тәрбие ісіне салалық кәсіби сарапшы ретінде қатысуы қажет», – деді Ғани Бейсембаев.

Ұлағатты ұстазымыздың салған сара жолы, кейінгі буын біздерге үлгі. ??? 
Біз Сізді мақтан тұтамыз! 
Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің өлшеусіз еңбегіңінің тағы бір үлкен жемісі мен жеңісі. 
?️ ҚТӘ бірлестік жетекшісі 
Дюсембинова Назира Ермуханқызы.

[media=https://youtube.com/shorts/p1QOIRhGYb0?feature=share]

Категория: Бейнежазбалар