Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

23 наурыз - Тазару күні!

Автор: admin от 26-03-2024, 17:15, посмотрело: 30

0 Наурыз мерекесі ертеден табиғат тазалығы мен адамның ішкі жан-дүниесінің тазалығын сақтап, үйлесімде болуын үндейді. Мерекенің мәні – көктемнен қысқа көшу, табиғаттың (демек, адамдардың да) жаңа өмір бастауы осының нышаны. Бұл кезең символдық мағыналарға толы, оның басты үрдісі – тазару арқылы жаңару.

Тазару рәсімі – үй-жайды, аулаларды тазалап, бұлақтар мен арықтарды аршу, табиғатты қорғау әрі өткеннің сарқыншағынан құтылуды білдіреді. Бұл – табиғатпен үндес болу қажеттігі мен адамның айналасындағы әлемнің бір бөлшегі екенін еске салатын күн. Мағжан Жұмабаев атындағы 19 орта мектеп -гимназиясының “Мейірімді жүрек”еріктілер клубы мүшелері ,”Талдықорған орман шаруашылығы “КММ бірлесіп “Кардон” бұлағының басын тазалады.

Категория: Бейнежазбалар

 

21 наурыз – Ынтымақ күні.

Автор: admin от 26-03-2024, 17:02, посмотрело: 28

0 21 наурыз – Ынтымақ күні. Бұл күннің идеясы – жалпы халық бір-біріне деген сый-құрметтерін арттырып, татулық пен бірлік насихатталады.
Бұл күн ауызбірлік, ортақ құндылықтар мен азаматтық бірегейліктің маңызын түсінуге жетелейді. Ынтымақ күні азаматтарды бейбітшілікке, келісім мен төзімділікке қолдау білдіруге үндеп, әділ және  бақуатты қоғам құруда өзара сыйластықтың, ынтымақтастық пен бір-бірін қолдаудың маңыздылығын көрсетеді. Бұл қоғамдағы қайшылықтарды азайтуға және қоғамның әр түрлі топтары арасындағы түсіністікті арттыруға ықпал етеді.
Ендеше, Ынтымақ күні – мәдени мұрамызды қадірлеп, бір-біріміге деген құрметімізді айшықтап, әралуандығымызды артықшылыққа айналдыратын уақыт.

Категория: Бейнежазбалар,