Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

"Астана бас қас қала-Талдықорған жас қала" атты жоба

Автор: admin от 30-01-2018, 22:12, посмотрело: 454

1

Астана сенен биік қала бар ма? 
Дара жүзің ұқсайды даналарға.
Күй кешіп ем жұмаққа келгендей бір
Сені алғаш анаммен араларда.

Астана сенен асқақ тұғыр бар ма?
Қуат беріп келесің құлын жанға.
Түннің ояу жатқаны қандай ғажап,
Жұлдыз біткен қойныңа тығылғанда.

Астана сені айтпаған сөз қалдыма,
Кербез көркің келеді көз алдыма.
Сенде туған сәбилер біледі ма?
Жүргендерін бақыттың базарында.

Астана мәртебемнің мұнарасы,
Шаһарлардың ақылман ғұламасы.
Айбарым мен айбатым тек өзіңсің,
Сондықтан сүрінбеші, құламашы.

Астана рухың биік, жаңарың шат,
Елім үшін басқадан бағалым нақ.
Талдықорған жас қала күннен күнге,
Біле білсең келеді саған ұқсап.

Көремін екеуіңнің үндестігін,
Көремін екеуіңнің бір кескінің.
Талдықорған тұрағым мақтанышым,
Астана мәңгі менің сөнбес күнім.

7"А" сынып оқушысы Доскали Абыр

 



 




 


 


Категория: Оқушылар жетістіктері

 

"Жас ақындар" байқауы

Автор: admin от 29-01-2018, 22:20, посмотрело: 1101

0

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі жетекшісі Дюсембинова Назира Ермуханқызының тікелей ұйымдастыруымен және осы бірлестіктегі тәжірибеден өтуші шәкірттеріміз Дәулетова Айдана,
Жанайдарова Аруна, Шенгелбаева Назеркенің жүргізіп, қатысуымен "Жас ақындар" байқауы өтті. Мұндағы мақсат оқушыларымыздың кітап оқуға, өлең- жыр оқуға деген қызығушылығын ояту, өлең жазуға деген ынтасын ояту болатын. Байқауға 5- 10 сынып аралығындағы 22 оқушы қатысты. Суырылып 22 оқушының байқауға катысуға ниет білдіруі көңіл қуантады. Жеңімпаз ақындар марапатталып, қатысушы ақын балалар номинациялық мақтау қағаздарына ие болды. Әдеби кештің әділ- қазылар алқасына арнайы шақыртылған талантты ақын жігіт Байжұма Медетке және әнші шәкірт Берікбол Дәуренге ризашылығымызды білдіріп, алғыс айтамыз! 
 Бас жүлдеге ие болған "Жас ақын" - 5"Б" сынып оқушысы Жанатбек Алматты , сынып жетекшісі Кунафин Думанды құттықтаймыз!!! Қаламы ұштала берсін! Талантына , талабына нұр жаусын!

І орынға ие болған 6 "ә" сынып оқушысы Меліс Маржанды, жетекшісі Исаева Светлана Нұрғазықызын, сынып жетекшісін құттықтаймыз!!!

ІІ орынға ие болған 9"б" сынып окушысы Жанат Аятолла мен жетекшісі Айжан Нұргазықызын, сынып жетекшісі Амралиева Салтанат апайды жеңісімен құттықтаймыз!!!

ІІ орынға ие болған 7"б" сынып окушысы Жанатбек Ерзат пен жетекшісі Айман Болатқызын, сынып жетекшісі Хамитова Жанат апайды жеңісімен құттықтаймыз!!!

ІІІ орын алған 6 "а" сынып окушысы Гапуова Аружанды және жетекшісі Бакыт Балтабайқызын, сынып жетекшісі Мукашева Әсемді жеңістерімен құттықтаймыз!!!

ІІІ орын алған 9 "б" сынып окушысы Құрман Ерасылды және жетекшісі Айжан Нұргазықызын, сынып жетекшісі Амралиева Салтанат апайды жеңістерімен құттықтаймыз!!!

ІІІ орын алған 9 "а" сынып окушысы Маликов Мухаммадты және жетекшісі Исаева Светлана Нурғазықызын, сынып жетекшісі Дауренбекова Лаззат апайды жеңістерімен құттықтаймыз!!!



 

 



 


 


Категория: Оқушылар жетістіктері

 

Прага қаласында өткен байқау жеңімпазы

Автор: admin от 16-11-2017, 06:01, посмотрело: 615

0
Қараша айында мектебіміздің  8 «А» сынып оқушысы Мұратбек Санжар Талдықорған қаласының жас домбырашыларымен Чехия мемлекеттінің астанасы Прага қаласының «Салют талантов» өнер бәйгесіне қатысты. Жарыста «Ата толғау», «Көшбасшы» күйлерін орындап «Мұрагер» ансамблі қазақтың күй өнерін Еуропа төріне мойындатып, бас жүлдемен оралды. «Мұрагер» ансамбльнің мүшесі Санжар жеке «соло» орындап осы жарыста бірінші орынды иеленді.

Прага қаласында өткен байқау жеңімпазы

 


 

 

Категория: Оқушылар жетістіктері

 

Облыстық шығарма байқауы

Автор: admin от 15-11-2017, 02:27, посмотрело: 686

0

Үміттер ақталады немесе кішкентай жұлдыздар жарқырайды...

Мектебіміздің 10 "Б" сынып оқушысы Зайнолла Расул жетекшісі Искакова Гаухар Нәдірханқызымен бірге қыркүйек айында елбасымыздың "Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар" мақаласын қолдау мақсатында өткен "Рухани жаңғыру: туған жер" атты шығармасымен мектепішілік байқауда 1- орынды иеленіп, шығармасы қалалық байқауға жолдама алған болатын. Бүгін Расул облыстық байкаудан 1-орынды иеленіп, үлкен марапатқа ие болды. 

Облыстық шығарма байқауы

 

 


 

Категория: Оқушылар жетістіктері

 

Домбырам - асыл қазынам

Автор: admin от 15-11-2017, 00:28, посмотрело: 727

0
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған " Домбырам- асыл қазынам" атты өнер байқауында 8 "Б" сынып оқушысы Заңғар Болатбекұлы "Ұлттық аспапта ойнау" номинациясы бойынша ІІ орынды жеңіп алды.
Қымбатты Исаева Светлана Нұрғазықызы! Жеңістеріңіз құтты болсын!

Домбырам - асыл қазынам

 




Категория: Оқушылар жетістіктері

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine