Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Республикалық «Қамқорлық» акциясы

Автор: admin от 31-01-2020, 12:14, посмотрело: 516

0

«М. Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гминазиясы мектепке дейінгі щағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынаша Республикалық «Қамқорлық»   акциясы

 Қазақстан Республикасы «Ата Заңының 30-бабы» талабына сай, Қазақстан Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы қабылданған «Қазақстан Республикасында орта білім жүйесін одан  әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы» №812 қаулысы негізінде Елбасының халыққа арналған жолдауын жүзеге асыру мақсатында Алматы облысы білім басқармасынан келген хаты мен «Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұйрығына сәйкес мектеп жасындағы балаларды оқумен қамтамасыз ету, көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына материалдық   көмек көрсету үшін М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының Республикалық «Қамқорлық» акциясы кезінде, «2020 Еріктілер»  жылына байланысты мектеп әкімшілігіненен құрылған еріктілер тобы мектебіміздегі көп балалы, аз қамтылған отбасына қайырымдылық көмегін көрсетті. 


























Категория:

 

«Коронавирус жұқпасының алдын алу», «SARS» атипиялық пневмониясының алдын алу шаралары

Автор: admin от 30-01-2020, 15:26, посмотрело: 492

0

       «Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Алматы облысының тауарлары мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Талдықорған қалалық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің 29.01. 2020 жылғы №15-Н бұйрығын негізге ала отырып, осыған орай бүгін мектебімізде аталған инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары, диктант жазылып, ата-аналармен әңгіме жүргізу   жұмыстары күн тәртібіне қойылып, сауатты түрде түсіндірілді. Сабаққа келмеген оқушылар саны мен себебі анықталып, тексерілді.

Категория:

 

АИТВ (ВИЧ)-инфекциясы эпидемиолгиялық жағдайы

Автор: admin от 29-01-2020, 11:30, посмотрело: 487

0

2020 жылдың 29 қаңтар күні  мектеп әкімшілігінің шақыртуымен, Қазақстан Республикасы «ЖИТС-нің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының  дәрігер эпидемиолог  мамны Матембаева М.А  8-11 сыныптар арасында семинар өткізді. 

Семинардың өкізілу мақсаты: оқушылар арасында АИТВ (ВИЧ)-инфекцисының алдын алу жолдары туралы білімдерін жетілдіру. 


Семинарда қаралған сұрақтар: 

  1. Алматы облысы бойынша Талдықорған қаласы 2019 жылғы АИТВ (ВИЧ)-инфекциясы эпидемиолгиялық жағдайы

  2. АИТВ (ВИЧ)-инфекциясының таралу жолдары

  3. АИТВ (ВИЧ)+туберкулез

  4. Сұрақтар мен жауаптар



Категория:

 

Құттықтаймыз!

Автор: admin от 19-01-2020, 16:39, посмотрело: 544

0 VI Республикалық " Ақжелең" байқауына 10"Ә" сынып оқушысы Сәбит Аяулым ақындық өнер номинациясы бойынша тағы да бас жүлдеге қол жеткізді. ???Ташкент қаласында өтетін халықаралық байқауға жолдама алды.



Категория: Оқушылар жетістіктері

 

Құттықтаймыз!

Автор: admin от 19-01-2020, 16:20, посмотрело: 551

0 Желтоқсан айында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының жетістіктер қоры молая түсті.
Қалалық пән олимпиадасы бойынша
11 -сынып оқушысы Жүнісхан Ықылас 3?-орын,
10 -сынып оқушысы Оңалған Алма - 3?-орын, 9-сынып оқушысы Айткаримова Данель 1?- орынды иеленді.
Сондай- ақ, Талдықорған қаласы әкімдігі 16-желтоқсан Қазақстан республикасының тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырған "Тәуелсіздік, мен сені жырлап өтем !" атты мәнерлеп оқу байқауына 10 сынып оқушысы Сәбит Аяулым қатысып алғыс хат алған болатын.
Желтоқсан айының 18 жұлдызында Сәбит Аяулым Республикалық "Ұлы дала байқауында" ақындық өнер номинациясы бойынша бас жүлдеге ?ие болып суперфиналға және республикалық " Ақжелең" байқауына жолдама алды.

Категория: Олимпиада жүлдегерлері

 

Құттықтаймыз!

Автор: admin от 6-01-2020, 11:43, посмотрело: 334

0 Талдықорған қаласы білім саласының қызметкерлері арасында жігіттер және қыздар арасындағы волейболдан мектебіміздің жігіттері де, қыздары да 1 орынға ие болды. Жарайсыздар, жеңіс құтты болсын! Құттықтаймыз!















Категория:

 

«Мектепке жол», «Қамқорлық» акциясы

Автор: admin от 26-12-2019, 08:45, посмотрело: 352

0

Оқу жылында  «Жалпыға бірдей міндетті білім беру» айлығы аясында:

  • Әр сынып бойынша оқушылардың  әлеуметтік жағдайы анықталып,  ата-аналар жиналыстарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің  25.01.2008   жылғы     № 64 «Әлеуметтік  қорғалмаған   білім алушылар мен күн көрісі төмен   отбасылардан шыққан  білім алушыларға  қаржылай, материалдық көмек  көрсетуде бөлінетін  қаражатты жұмсау ережесі»  (№172 қаулы өзгеріс енгізілген) қаулысымен таныстыру, отбасының тұрмыстық бақылау актісін толтыру;
  • Мектеп асханасынан және әлеуметтік жағдайы төмен отбасына бөлінген  қаражаттан   тамақтанатын  оқушыларды анықтау;
  • Қайырымдылық қорының  мүшелерін, жұмыс жоспарын бекітіп, қайырымдылық акциясын  өз деңгейінде өткізу  жұмыстары  жасалынды.

Республикалық «Мектепке жол», «Қамқорлық» акциясы кезінде «Даулет» сауда базарына, компьютер орталықтарына, түнгі клубтарға рейд ұйымдастырылып, оқушылардың бос уақытында шұғылданатын ісі бақыланады. 

«Мектепке жол», «Қамқорлық» акциясы

Категория:

 

Қоғамдық пікір сауалдары

Автор: admin от 25-12-2019, 14:59, посмотрело: 286

Категория:

 

«Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат»

Автор: admin от 13-12-2019, 12:12, посмотрело: 403

0 Әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың,
Жарасымды,үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңғыртудан қашпайық.
Қазағымның салт – дәстүрі жаңғырған.
Тәлімді ой, тәрбие көзін қалдырған.
Салт – дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.
Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050: Мәңгілік ел» атты жолдауында айтылғандай: «Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз Тәуелсіздікпен бірге осы армандарды ақиқатқа айналдырдық деп – болашақ жастарға, келер ұрпаққа өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала отырып, байлығымыз да, бақытымыз да бола білген мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау үшін жас ұрпақтың ұлттық тәрбиесіне баса көңіл бөлуді, назар аударуды атап көрсетті.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мектебімізде жылдағы дәстүр бойынша «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» бағдарламасы негізінде «Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым-желтоқсан» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушылардың бойына ұлы дала перзенттерінің отансүйгіштік, адалдық, батырлық, шыншылдық қасиеттерін сіңіру. Ұлттық құндылықтар негізінде салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, тіліміз бен дінімізді, ата-бабамыздан қалған тарихи жәдігерлерді келешек ұрпақтың санасына сіңіру, ұлт болашағын ойлайтын, өз елінің патриоты екенін сезінетін тұлға тәрбиелеу.
Өз елінің патриоты екенін сезінетін тұлға тәрбиелеу. Республика көлемінде аталып өтіп жатқан іс-шараларға тоқталатын болсақ, «28 Панфиловшылардың Москва үшін шайқасына 75 жыл», «Алаш» партиясының құрылғанына, «1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басталуына» 103 жыл, «Желтоқсан оқиғасына» 33 жыл, еліміздің Тәуелсіздігіне 28 жыл толып отыр. Осы іс-шараларды басшылыққа ала отырып, тәрбие сағатында «Бұмын қағанның өсиеті», «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары, «Абылайдың түсі», «Абылай хан мен батырлардың ерлігі», «Ұлт мүддесі жолында», «Сталинге хат», «Ұлы Отан үшін шайқас», «Ызғарлы желтоқсаннан қалған әйгілі суреттегі қайсар қыз», Тәуелсіздік,Мәңгілік Ел шежіресі кезеңдерінен тарихи көріністер қойылды. Бұл шараға мектептің 200 -ге жуық оқушылары және ұстаздары қатысты. Аталған шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қожекенова Айгүл Ақажанқызының жетекшілігімен Досаева Нұрфазила Сатылханқызы, Елеусізова Бибігүл Төлегенқызы, Дюсембинова Назира Ермуханқызы, Аюпова Маржангүл апайларымыз басқарып, үлкен жауапкершілікпен ұйымдастырып, өткізді.
Қойылымда Абылай рөлін Кунафин Думан, Бұхар жырау рөлін Умаров Қуандық, ана рөлін Бейсенова Назым , Батыр рөліндегі Еркебұлан сияқты талантты ұстаздар сомдады.
Мектеп атынан шараға белсене ат салысқан оқушылар мен ұстаздарға және музыка жетекшісі Гүлназ апайға, техникалық көмек көрсеткен Беглов Нұрланға, сол сияқты массовкаға қатысқан Аңсаған, Сарсенбаева Айжан апайларға алғыс айтамыз.



Категория:

 

Облыстық ғылыми-әдістемелік семинар

Автор: admin от 28-11-2019, 16:01, посмотрело: 471

0 Біздің мектебіміз екі жылдан бері «Өрлеу» «БА¥0» АҚ, филиалы Алматы облысы бойынша педагог
кызметкерлердің біліктілігін арттыру институтындағы «Рухани жаңғыру-
мектеп окушыларының ғылыми ізденістерін ұлттық құндылықтар аясында әлеуметтендіру негізі» тақырыбындағы ғылыми эксперимент тобында бірлесіп жұмыс жасайды. Осы ғылыми эксперименттің 2019 жылғы жоспарына сәйкес «Оқушылар мен пән мұғалімдерінің ғылыми
Ізденістері - жаңартылған білім беру мазмұнының маңызды шарты» тақырыбында облыстық ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.
Аудандар мен қала мектептерінен ұстаздар шақырылып, тәжірибе алмасты.
Ғылыми тақырыптары бойынша ұстаздар авторлық бағдарламаларын таныстырып, ашық сабақтар өткізді.
Ал оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын қорғады.
" Руханият этнопедагогикалық ғылыми орталығы" ашылды.


Категория:

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine