Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

"ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ - 2022" байқауы

Автор: admin от 29-03-2022, 12:55, посмотрело: 276

0 2022 жылдың 29 наурыз күні мектепішілік "Жыл мұғалімі-2022" байқауы өткізілді. 

?- Байқаудың мақсаты шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой өрісі биік, парасатты өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, ғылыми-әдістемелік шеберлігі зор, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау.
Байқау 3️⃣ кезеңнен тұрды:
?-І кезең. Педагогикалық жұмыс жүйесінің моделі. Байқау тапсырмасының форматы: Инновациялық тәжірибені оқу – әдістемелік тұрғыда қолдануы және оны демонстрациялау. 
? - IІ кезең.
Байқауға қатысушылар Күнтізбелік жоспарға сәйкес бір сабағына презентация жасайды. 
?- ІІІ кезең. ӘР мұғалімнің байқаудан бұрын өзінің әдістемелік талапқа сай дайындалған электронды портфолиосы.

Байқау барысында мұғалімдер шығармашылық жағынан жан-жақты сынға түсіп, жаңа идеяларымен де бөлісті. 

?Қорытындысында БАС ЖҮЛДЕНІ Бастауыш сынып мұғалімі БАЯДІЛ ЛӘЗЗАТ АСҚАРҚЫЗЫ иеленді.
Жеңімпаз ұстаз байқаудың қалалық кезеңіне жолдама алды. Барлық жүлдегерлер мен қатысушылар дипломдармен және мектепішілік кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 
Ұстаздарымызға сәттілік тілейміз!

Категория: