Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Жетісу облысының сайлау учаскелері

Автор: admin от 18-03-2023, 20:51, посмотрело: 66

0 Жетісу облысының сайлау учаскелері сақадай сай
Бүгін еліміздің ең маңызды саяси науқаны – Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы басталды. Жетісу өңірінің сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайындығына келсек:
-Облыс бойынша сайлау учаскелерінің саны 458. Олардың барлығында дауыс беруге арналған жәшіктер бар, дауыс беруге арналған кабиналардың қажетті санымен, жиҺазбен, ұйымдастыру техникасымен, кеңсе керек-жарақтарымен жабдықталған.
418 учаскелерде мүгедектігі бар адамдарға арналған бұрыштар жабдықталған.
Нашар көретін сайлаушыларға арналған аудиоматериалдар мен трафареттер дайындалды.
Дауыс беруге арналған үй-жайлар қажетті ақпараттық материалдармен жабдықталған.
- Сайлау комиссияларының қаулыларымен тізімге енгізілген сайлаушылардың бәрі дауыс берсе, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін 38 учаскелер анықталды. Бұл – Конституциялық заңның 38-бабының 3-тармағына сәйкес емдеу мекемелеріндегі, әскери бөлімдердегі, сондай-ақ шалғай аудандарда орналасқан сайлау учаскелері.
4 сайлау учаскелерінде дауыс беру таңғы 6.00-ден басталады (өнеркәсіптік кәсіпорындардың ауысымдық жұмыс кестесіне байланысты).
3. Сайлаушылар дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар етілді.
Оның ішінде сайлау учаскелерінің мекенжайлары, дауыс беру уақыты мен орны көрсетілген дауыс беруге шақыру қағаздары 443 788 дайындалып, сайлаушыларға табысталды. Сондай-ақ көп қабатты үйлерге орналастыру үшін 6 250 ұқсас ақпараттық плакаттар дайындалды.
- Жалпы 6168 сенімді тұлға тіркелді, оның ішінде бір мандатты сайлау округтері бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарынан 2752.
бір мандатты сайлау округтері бойынша Жетісу облыстық мәслихатына сенім білдірген саны 669.
Жетісу облысы аудандары мен қалаларының мәслихатынтарын сайлауына сенім білдірген саны 1187.
саяси партиялардан сенім білдірген саны 1560.
- Бүгінгі таңда сайлаушылардың өтініштері бойынша 486 дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі берілді (есептен шығару куәліктерін беру 18 наурызда 18-де аяқталады).
- Дауыс беруге арналган бюллетеньдер белгіленген мөлшерде учаскелік комиссияларға жеткізілді және ішкі істер органдарының күзетінде орналасқан.
Облыс учаскелері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауында дауыс беруді өткізуге дайын.
Жетісу облысының сайлау учаскелері

Категория:

 

В области Жетісу начались выборы в депутаты Мажилиса Парламента РК и маслихатов всех уровней

Автор: admin от 18-03-2023, 20:51, посмотрело: 47

0 В области Жетісу начались выборы в депутаты Мажилиса Парламента РК и маслихатов всех уровней

Всего по итогам регистрации в области Жетісу было зарегистрировано 538 кандидатов в депутаты.
В настоящее время в Мажилиса Парламента РК одномандатного округа № 17 по области Жетісу – 13 кандидатов. Из них: 1 – кандидат от партии" Аманат", остальные 12 - кандидаты самовыдвиженцы.
По партийным спискам 5 политических партий по выборам депутатов областного маслихата зарегистрировано 58 кандидата. В нем:
Партия "Аманат" (34 кандидата),
Партия "НПК" (6 кандидатов),
Партия "Ауыл" (8 кандидатов),
Партия "Республика" (2 кандидата),
Партия "Акжол" (8 кандидатов).
По одномандатным территориальным избирательным округам в области Жетісу:
52 кандидата в областной маслихат по 16 округам;
85 кандидатов в городские маслихаты по 29 округам;
317 кандидат в районные маслихаты по 107 округам.

Категория:

 

Бүгін елімізде Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы өтуде.

Автор: admin от 18-03-2023, 20:48, посмотрело: 33

0 Бүгін елімізде Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы өтуде.
Өз таңдауын жасауға алғашқылардың бірі болып 39 сайлау учаскесіне таңдау жасауға келген жақында 18 жасқа толған Дәулетқызы Әмина өз дауысын берді.
"Бұл күннің менің өмірімде алар орны ерекше. Бүгін ел ертеңі үшін өз таңдауымды жасап, келешекке қарай нық қадам бастым деседе болады" - дейді сайлаушы.

Сайлау учаскелеріне алғашқы болып келіп, дауыс бергендерге естелік сыйлықтар табысталды.
Жалпы ауданда 44 сайлау учаскесі бар, таңғы сағат 7:00 бастап өз жұмысын бастады. Ауданда 7000 жуық жастар бар.
Бүгін елімізде Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы өтуде.

Категория: ---

 
 

Талдықорғанда егіз чемпиондар дауыс берді

Автор: admin от 18-03-2023, 20:47, посмотрело: 42

0 Талдықорғанда егіз чемпиондар дауыс берді
2001 жылғы егіз спортшылар Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. Джиу-джитсу түрінен Азия чемпионы болған Сәрсенұлы Самат пен Санат еліміздің көк байрағын желбіретіп, спорттың осы түрінен Қазақстанды әлем рейтингісінде алға шығарды. Егіз спортшы ата-аналарының сайлаудан қалмайтынын және осы отбасылық дәстүрді өздері жалғастырып, еліміздің жастарының өсіп-дамуына үлкен әсерін тигізетін саяси науқанға дауыстарын беріп, азаматтық борыштарын өтеуді парыздары санайтынын айтады.

Категория:

 

Жетісудың ең қарт анасы өз дауысын берді

Автор: admin от 18-03-2023, 20:45, посмотрело: 43

0 Сарқан ауданында 112 жастағы Белдеубай‌қызы Алтынхан апамыз сайлаудан тысқары қалмай өз дауысын берді.
Ауданымыздың кейуанасы жасы жүзден асқан Алтынхан апамыз ақ батасын беріп, сайлаудың келешегіміз үшін маңызды екендігін айтып, елдің, жердің тыныштығын тіледі.
«Осындай бейбіт күнді халқымыз көп аңсады. Сол ортақ тәуелсіздікті бағалауымыз керек. Менің жасым жүзден асып кетсе де, ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін, сайлауға әр азаматтың баруы міндет. Еліміздің болашағы шешілетін күн, оған бей‌жай қарамаған жөн. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Әр отбасыға береке-бірлік тілеймін», – деді қарт анамыз.

Категория:

 

Жетісу облысында бір мезгілде Мемлекеттік Ту шеруімен велошабандоздар сайлауға барды

Автор: admin от 18-03-2023, 20:44, посмотрело: 53

0 Бүгін Текелі қаласындағы №445 сайлау учаскесінде жастар патриоттық рухты көтеріп, өз таңдауларын жасады. Олар дауыс беру кезінде қаланың ортасымен әрқайсысы туды көтеріп, көше бойымен жүріп өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Олар қазақстандықтарды өз таңдауларын жасауға шақырды. 
«Мемлекеттік Туға қарап, елім, жерім дейтін ұрпақтың намысы оянып, жүрегіне патриоттық сезім ұялары сөзсіз. Біз жастарымызға үлгі-өнеге көрсету мақсатында бір мезгілде көк Туымызды желбіретіп, дауыс беруге келдік. Барша жерлестерімізді таңдауларын жасауға шақырамыз» – деді шеруді ұйымдастырушы Ынтымақ Әленбек.

Категория:

 

Сайлау

Автор: admin от 18-03-2023, 20:42, посмотрело: 49

0 Мерей Сүйінов - Шинкиокушинкай каратэдан Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Талдықорған орталық бассейінінің директоры сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Халық биліктегі тұрақтылықты қалайды. Біздің тілеріміз, қоғамның әрбір мүшесі мемлекет алдындағы өз жауапкершілігін сезіне отырып, сайлауға бір кісідей атсалысса дейміз. Жарқын болашаққа бастар бағыт сүрлеуінің бастамасы осы болғай.

#ЕлҮшінТаңдау#ӨзКандидатыңдыТаңда#Сайлауғабарамын#ЖетісуСайлау

Категория:

 

Талдықорған қаласында алғашқылардың бірі болып түйешілер дауыс берді

Автор: admin от 18-03-2023, 20:38, посмотрело: 51

0 Талдықорған қаласында алғашқылардың бірі болып түйешілер дауыс берді
Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында дауыс берушілер үшін барлық сайлау учаскесі жұмысын бастады. Күн мен түн теңеліп, Ұлыстың ұлы мерекесі қарсаңында өтіп жатқан саяси науқанда нөмірі 419 сайлау учаскесіне келушілерге бір топ азаматтар ән мен жырдан шашу шашты. Алғашқылардың бірі болып түйе асыраушылар дауыс берді. Олардың қатарында 35 жастағы Байзақов Ұлан бар. Ол соңғы 15 жыл бойы түйе асыраумен айналысып келеді. Ұланның айтуынша түйені асырау оңай іс емес, ал осындай қос өркешті төрт түлік малдың иесі болу бір ғанибет дейді. Аптаның демалыс күндері орталық саябақтарға шығарып, балаларға қуаныш сыйлау ол үшін үлкен бақыт. Ал қызмет көрсетіп тапқан қаражатын түйенің жем-шөбіне, дәрі-дәрмегіне жұмсайды.
#ЕлҮшінТаңдау #ӨзКандидатыңдыТаңда #Сайлауғабарамын #ЖетісуСайлау

Категория:

 

В области Жетісу начались выборы в депутаты Мажилиса Парламента РК и маслихатов всех уровней

Автор: admin от 18-03-2023, 15:31, посмотрело: 32

0 В области Жетісу начались выборы в депутаты Мажилиса Парламента РК и маслихатов всех уровней

Всего по итогам регистрации в области Жетісу было зарегистрировано 538 кандидатов в депутаты.
В настоящее время в Мажилиса Парламента РК одномандатного округа № 17 по области Жетісу – 13 кандидатов. Из них: 1 – кандидат от партии" Аманат", остальные 12 - кандидаты самовыдвиженцы.
По партийным спискам 5 политических партий по выборам депутатов областного маслихата зарегистрировано 58 кандидата. В нем:
Партия "Аманат" (34 кандидата),
Партия "НПК" (6 кандидатов),
Партия "Ауыл" (8 кандидатов),
Партия "Республика" (2 кандидата),
Партия "Акжол" (8 кандидатов).
По одномандатным территориальным избирательным округам в области Жетісу:
52 кандидата в областной маслихат по 16 округам;
85 кандидатов в городские маслихаты по 29 округам;
317 кандидат в районные маслихаты по 107 округам.
В области Жетісу начались выборы в депутаты Мажилиса Парламента РК и маслихатов всех уровней

Категория: ---

 
Назад Вперед