Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 

«№11 «Құлыншақ» аралас бөбекжай-бақшасы» мемелекеттік коммуналдық қазыналық бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық жүргізу мақсатында ересек топ бүлдіршіндерімен танысу өтті.

Автор: admin от 29-02-2024, 11:08, посмотрело: 25

0

2024 жылғы 29 ақпан күні «М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы МДШО» КММ-нің қабырғасында «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «№11 «Құлыншақ» аралас бөбекжай-бақшасы» мемелекеттік коммуналдық қазыналық бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық жүргізу мақсатында ересек топ бүлдіршіндерімен танысу өтті. Топ жетекшілері және бүлдіршіндермен мектеп директорының оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасары   Шаужанова Н.Б. таныстыру жүргізіп, топ бүлдіршіндерімен мектептің нысандарын аралап өтті. Бүлдіршіндер мектеп кітапханасы мен спортзалды, асхана мен бассейнге серуен жасап, сынып кабинеттеріне келіп партаға отырып көрді. Тәрбиешілердің түсіндірме жұмыстарынан кейін, балалар өздеріне қызықты болған әсерлерімен бөлісті. 

Категория: Бейнежазбалар

 

Отбасылық "суда жүзу" эстафеталық жарыс өткізілді

Автор: admin от 28-02-2024, 12:41, посмотрело: 26

0 Ағымдағы жылдың 22 ақпанында мектеп-гимназиясының "Ұлағатты әкелер" кеңесінің жоспарына сай "Әкелеріміздің ерлігін еске аламыз" тақырыбында мектепте, әке, бала үштік одағының өзара қарым-қатынасын нығайту, жастардың жүзу спортына деген қызығушылықтарын арттыру, жекелей спорттық шеберліктерін дамыту, спортшылар арасындағы жолдастық қарым-қатынасты нығайту мақсатында отбасылық "суда жүзу" эстафеталық жарыс өткізілді. Жарысқа 8-9 сынып оқушылары әкелерімен қатысты. Жарыс өте тартымды, қызық өтті. Жеңімпаздарды арнайы келген қонағымыз Жетісу облыстық "АМАНАТ" пратиясы филиалы төрағасы, сонымен қатар "Әкелер одағының" төрағасы Арын Арыстанғали Қадырұлы және Жетісу облыстық "АМАНАТ" партиясы филиалы төрағасының орынбасары Досмуханбетов Асхат Сейденұлы арнайы марапаттады.
     

Категория: Бейнежазбалар

 

Конкурс нәтижесі

Автор: admin от 28-02-2024, 12:39, посмотрело: 25

0

Категория:

 

Мектеп директоры Замзина Карлыгаш Келисовна "Директор сағаты" жобасы аясында жеке қабылдау күнін өткізді.

Автор: admin от 26-02-2024, 12:15, посмотрело: 30

0 Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің № 19 орта мектебінде 23 ақпан күні мектеп директоры Замзина Карлыгаш Келисовна "Директор сағаты" жобасы аясында жеке қабылдау күнін өткізді. Жеке қабылдау барысында мектеп әкімшілігі 2024-2029 жылдарға арналған мектептің даму жоспарын талқылады. Ата-аналар балаларының сабақ үлгерімін, алдағы уақытта болатын тестілеулерге дайындықтарын сұрап, өз деңгейінде жауаптарын алды. Сондай-ак, мектеп оқушыларының ыстық тамақпен сапалы қамтылғанын айтып, өз ризашылығын білдірді.

Категория:

 

Әнұран - басты мемлекеттік рәміздердің бірі.

Автор: admin от 26-02-2024, 12:06, посмотрело: 26

0 Әнұран - басты мемлекеттік рәміздердің бірі. Жас буынның Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін, оның тарихына,  мемлекеттік тіліне, мәдениеті мен  дәстүріне деген терең құрметтерін қалыптастыру басты мақсатымыз. Мектеп оқушыларының әнұран мәтінін жатқа білулеріне;  еліміздің мемлекеттік рәміздеріне деген құрмет сезімдерін оятуға; білім алушылардың отансүйгіштік  қасиеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл  бөлінеді. Сол себепті мектебіміздің білім алушылары мен ұстаздары әр дүйсенбі сайын Мемлекеттік Әнұранды орындайды.

Категория:

 

«Оқушылар, мұғалімдер мен техникалық қызметкерлердің жер сілкіну кезіндегі іс-әрекеті» тақырыбының аясында сейсмикалық жаттығу өткізілді.

Автор: admin от 23-02-2024, 08:27, посмотрело: 29

0 Бүгін мектебімізде сағат 12:30-да сейсмикалық жаттығуды сапалы  дайындықпен өткізу мақсатында азаматтық қорғаныс  басқармасының 2024 жылға  арналған жоспарына сәйкес  «Оқушылар, мұғалімдер мен  техникалық қызметкерлердің жер сілкіну кезіндегі іс-әрекеті» тақырыбының аясында сейсмикалық жаттығу өткізілді.Құтқару тобы, санитарлық пост,өрт сөндіру звеносы,қоғамдық тәртіп сақтау звеносы,радиациялық-химиялық барлау посты құрамынан тұратын топ мүшелерінің жер сілкіну кезіндегі  басқару штабы құрылып, шартты белгі бойынша міндетті жұмыстарын атқарды.Пән мұғалімдері оқушыларды мектеп мекемесінен тыс жерге эвакуациялауды ұйымдастырып, (жалпы оқушылар саны,  мектептен  шыққан оқушылар мен жоқ оқушылар саны) жайлы нақты мәліметті берді.Сейсмикалық жаттығуларды ұйымдастыру кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету міндетін мектеп медбикесі Ж.Абишева санитарлық пост мүшелерімен бірлесіп атқарды. Қабат бойынша қойылған кезекшілер экстремалды жағдайға байланысты іс-әрекеттер бойынша мектептің әскери басшысы Н.Д.Алибаев нұсқаулық кеңес жүргізді.

Категория: Бейнежазбалар

 

Бастауыш апталығында мектеп кітапханасының 4 сыныптармен ұйымдастырған зияткерлік сайыс.

Автор: admin от 22-02-2024, 17:35, посмотрело: 28

0 Мектеп кітапханасы Бастауыш сыныптар апталығында 4 сыныптармен жұмбақтарды жасырып "Кім тапқыр" зияткерлік сайысын ұйымдастырды.
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау қабілетін, зеректік, шешендік қабілеттерін қалыптастыру. Ой-өрісін, зейінін, шығармашылық 
қабілеттерін дамыту, Шектеулі уақытта дұрыс шешім қабылдауға үйрету,ұқыптылыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу.

Категория:

 
 
 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine