Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 

Нашақорлықтың алдын- алу профилактикасы бойынша 2024 жылдың 12 наурызында 9 сынып оқушыларымен кездесті

Автор: admin от 13-03-2024, 14:12, посмотрело: 22

0 Нашақорлықтың алдын- алу профилактикасы бойынша 2024 жылдың 12 наурызында 9 сынып оқушыларымен облыстық психикалық денсаулық  орталығының нарколог дәрігері, психиатр М.Б.Ерғабыловтың және Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ ЮПТ-ның учаскелік инспекторы, полиция  майоры А.С.Еркенбекованың, полиция аға лейтенанты Г.У.Ументаеваның Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментор Б.Жаксикельдиновтың, директордың  тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары  Г.Қыдырбаеваның,  мектеп  психологтары А.Шаяхметова мен  Д.Тулегенованың, мектеп медбикесі Ж.Абишеваның  қатысуымен «Есірткі және есірткі құмарлық  деген  не?» тақырыбында  әңгіме жүргізілді. Мақсаты: оқушылардың өміріне қауіп төндіретін есірткінің, нашақорлықтың зиянын түсіндіре отырып, салауатты өмір салтына  тәрбиелеу. 
Әңгіме барысында бүгінде жастардың денсаулығына, әл-ауқатына және қауіпсіздігіне залал келтіретін өткір проблемалардың бірі - нашақорлық екендігі ескертілді. Соңғы үш жылда синтетикалық есірткіге тәуелді жастардың саны екі жарым есеге артқан. Себебі, синтетикалық есірткілер жасөспірімдер үшін арзан әрі оған оңай қол жеткізуге болады. Әдеттегі есірткіге тәуелді болған адамдарды дәрігер емдей алады екен. Ал синтетикалық есірткіге үйреніп алғандарға медицинаның қауқары жете бермейді. Бұрын есірткі қолданған адамдардың ғұмырын дәрігерлер 10 жыл деп шамалайтын. Қазіргі күні синтетикалық есірткіге тәуелді адамдардың өмір сүру ұзақтығы 2 немесе 4 жылдан аспайтыны  айтылды. Нашақорлық ­ қоғамның дерті. Бұл дерттің тырнағына ең бірінші болып жаңалыққа құмар жастар ілігіп жатыр. Есірткінің барлық түрі адам денсаулығы мен психикасын бұзады, оның соңы нашақорды психиатриялық клиникаға немесе өлімге апаратындығы түсіндірілді. Оқушылар тарапынан қойылған  қосымша  сұрақтарға жауаптар  берілді.
Полиция  қызметкерлері жасөспірімдерге есірткіні сақтағаны және таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке  тартылатындығы  туралы , IT-технологияларды пайдалана отырып, есірткіні тарататын зиянкестердің қызметін анықтауға және жолын кесуге бағытталған кешенді іс-шаралар ұйымдастырылғаны  туралы  айтылды.
Жастарға, әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушылары ретінде, Интернет желісінде жұмыс істеу туралы ұсыныстар алған кезде қандай нәрсеге назар аудару

[media=https://youtube.com/shorts/7r3tXayXGaU?feature=share]

Категория: Бейнежазбалар

 
 
 
 

8 наурыз - жылдың ең аяулы, жарқын және тамаша күні!

Автор: admin от 7-03-2024, 13:50, посмотрело: 35

0 8 наурыз - жылдың ең аяулы, жарқын және тамаша күні! Құрметті ұстаздар, аяулы арулар,  шаңырақтарыңыз бен өмірлеріңіз жылулыққа толы болсын. Табиғаттың әсемдігі шабыт берсін. Көктемнің басы өмірлеріңіздегі өте қалаулы және әдемі оқиғаның бастамасын білдірсін! Мейрамдарыңызбен!

[media=https://youtube.com/shorts/xwyGZEfX8jE?feature=share]

Категория: Бейнежазбалар

 

Аналар мерекесімен шын жүректен құттықтайды!

Автор: admin от 7-03-2024, 13:39, посмотрело: 29

0 Талдықорған қаласы, 
“М.Жұмабаев атындағы 19 орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушылары 8- наурыз халықаралық әйелдер ,аналар мерекесімен шын жүректен құттықтайды.

Категория: Бейнежазбалар

 

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі!

Автор: admin от 7-03-2024, 13:35, посмотрело: 34

0 Қадірлі де аяулы аналар, көркем қыздар, құрметті ұстаздар келіп жеткен 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық,  отбасыларыңызға амандық,  еңбектеріңізге табыс тілейміз! Көктемнің шуағындай құлпырып жүре беріңіздер! Осы құттықтау челленджін  20 орта мектептің ұжымына жолдаймыз.

Категория: Бейнежазбалар

 
 

2"Ә" сынып оқушыларымен "Қыз еркем,қылығымен көркем "атты қыз сыны

Автор: admin от 6-03-2024, 13:44, посмотрело: 29

0 "М.Жұмабаев атындағы 19 орта мектеп гимназиясы МДШО " КММ-нің "Біртұтас тәрбие бағдарламасы " негізінде отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында 2"Ә" сынып оқушыларымен "Қыз еркем,қылығымен көркем "атты қыз сыны ұйымдастырылды. 
Сынып жетекшісі: Оралханова Аида Саятқызы

Категория: Бейнежазбалар

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine