Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

1 сыныптарға "Рухани байлық ұясы –кітапхана" атты мектеп кітапханасына саяхат ұйымдастырылды.

Автор: admin от 2-04-2024, 14:57, посмотрело: 16

0 2 сәуір– халықаралық балаларға арналған кітап күні. Айтулы күн 1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай аталып өтіледі. 1 сыныптарға "Рухани байлық  ұясы –кітапхана"  атты мектеп кітапханасына саяхат ұйымдастырылды
[media=https://youtube.com/shorts/p1QOIRhGYb0?feature=share]

Категория: Бейнежазбалар

 
 
 
 

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің құрметті педагогтері, «Қазақстанның Еңбек ері», «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атақтарының иегерлерімен кездесті. Олардың қатарында мектебіміздің мақтанышы- Светлана Нұрғазықызы да бар.

Автор: admin от 27-03-2024, 14:08, посмотрело: 17

0 ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің құрметті педагогтері, «Қазақстанның Еңбек ері», «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атақтарының иегерлерімен кездесті. 
Олардың қатарында 
мектебіміздің мақтанышы- Светлана Нұрғазықызы да бар. 

 кезегінде министр ұстаздарға ерен еңбегі мен балаларға деген сүйіспеншілігі және жанашырлығы үшін алғыс білдірді. Олардың үздік тәжірибелері мен парасат-пайымдары өңірлерде таратылуы керектігін айтты.

«Ыбырай Алтынсарин «Мұғалім болу – мансап емес, жоғарыдан берілген сый» деп айтқан. Мұғалімнің еңбегі көпқырлы әрі жан-жақты, оңай емес. Ал қазіргі педагог – ол барлық әріптестері үшін көшбасшы және үлгі болуы тиіс. «Қазақстанның Еңбек ері», «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын алған мұғалімдер мектепті басқару мәселелеріне, тәрбие ісіне салалық кәсіби сарапшы ретінде қатысуы қажет», – деді Ғани Бейсембаев.

Ұлағатты ұстазымыздың салған сара жолы, кейінгі буын біздерге үлгі. ??? 
Біз Сізді мақтан тұтамыз! 
Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің өлшеусіз еңбегіңінің тағы бір үлкен жемісі мен жеңісі. 
?️ ҚТӘ бірлестік жетекшісі 
Дюсембинова Назира Ермуханқызы.

[media=https://youtube.com/shorts/p1QOIRhGYb0?feature=share]

Категория: Бейнежазбалар

 
 

23 наурыз - Тазару күні!

Автор: admin от 26-03-2024, 17:15, посмотрело: 19

0 Наурыз мерекесі ертеден табиғат тазалығы мен адамның ішкі жан-дүниесінің тазалығын сақтап, үйлесімде болуын үндейді. Мерекенің мәні – көктемнен қысқа көшу, табиғаттың (демек, адамдардың да) жаңа өмір бастауы осының нышаны. Бұл кезең символдық мағыналарға толы, оның басты үрдісі – тазару арқылы жаңару.

Тазару рәсімі – үй-жайды, аулаларды тазалап, бұлақтар мен арықтарды аршу, табиғатты қорғау әрі өткеннің сарқыншағынан құтылуды білдіреді. Бұл – табиғатпен үндес болу қажеттігі мен адамның айналасындағы әлемнің бір бөлшегі екенін еске салатын күн. Мағжан Жұмабаев атындағы 19 орта мектеп -гимназиясының “Мейірімді жүрек”еріктілер клубы мүшелері ,”Талдықорған орман шаруашылығы “КММ бірлесіп “Кардон” бұлағының басын тазалады.

Категория: Бейнежазбалар

 

21 наурыз – Ынтымақ күні.

Автор: admin от 26-03-2024, 17:02, посмотрело: 19

0 21 наурыз – Ынтымақ күні. Бұл күннің идеясы – жалпы халық бір-біріне деген сый-құрметтерін арттырып, татулық пен бірлік насихатталады.
Бұл күн ауызбірлік, ортақ құндылықтар мен азаматтық бірегейліктің маңызын түсінуге жетелейді. Ынтымақ күні азаматтарды бейбітшілікке, келісім мен төзімділікке қолдау білдіруге үндеп, әділ және  бақуатты қоғам құруда өзара сыйластықтың, ынтымақтастық пен бір-бірін қолдаудың маңыздылығын көрсетеді. Бұл қоғамдағы қайшылықтарды азайтуға және қоғамның әр түрлі топтары арасындағы түсіністікті арттыруға ықпал етеді.
Ендеше, Ынтымақ күні – мәдени мұрамызды қадірлеп, бір-біріміге деген құрметімізді айшықтап, әралуандығымызды артықшылыққа айналдыратын уақыт.

Категория: Бейнежазбалар,

 

Наурызнаманың онкүндігіне сәйкес, 20 наурыз ұлттық спорт түрлері ұлықталатын күн. Мерекеге орай мектебімізде ұлттық спорт түрінен жарыс ұйымдастырылды.

Автор: admin от 20-03-2024, 16:56, посмотрело: 13

0 Бүгін Наурызнаманың онкүндігіне сәйкес, 20 наурыз ұлттық спорт түрлері ұлықталатын күн. Мерекеге орай мектебімізде ұлттық спорт түрінен жарыс ұйымдастырылды.

Наурызнаманың «Ұлттық спорт күні» мерекесіне орай, мектеп оқушылары арасында өткізілген жарыстың мақсаты: ұлттық спорт ойындардың мазмұнын дәріптеп, өскелең ұрпаққа жарыс түрінде көрсетіп, қызығушылықтарын арттыру.

 Ата-бабамыздан қалған баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз Арқан тарту, Бес асық, Асық ату, Тоғызқұмалақ т.б. ұлттық спорт түрлері жастардың нағыз азамат болып қалыптасуына, бойындағы табиғи дарынын шыңдауға, ақыл-ой парасатының толысуына, салауатты өмір салтын ұстанып денсаулыққа аса мән беруіне бағытталған.

Категория: Бейнежазбалар

 

«Жыл басы» күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Автор: admin от 20-03-2024, 10:20, посмотрело: 12

0 Наурызнама онкүндігі аясындағы «Жыл басы» күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

22 наурыз – халқымыздың дәстүрлері мен құндылықтарына қайта оралудың нышаны әрі жаңа тарихи кезеңнің бастауы. «Жыл басының» маңызы – тарихымызды жалғастырады, өткенмен байланысты нығайтады және болашаққа жол ашады.
Ұлыстың ұлы күні сіздерге ізгі жақсылық, мол қуаныш пен бақуатты береке тілейміз!

Категория: Бейнежазбалар,

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine