Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қазақстан Ғылым акедемиясын ұйымдастырушы әрі оның тұңғыш Президенті Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақстанның пайдалы қазбалары» атты дөңгелек үстел өткізді.

Автор: admin от 12-04-2024, 12:20, посмотрело: 5

0 12 сәуір күні 10 б сыныбымен мектеп кітапханашысы М.С.Аюпова мен сынып жетекшісі М.Е. Турғанбаева аса көрнекті ғалым, геолог, мемлекет қайраткері, Қазақстан Ғылым акедемиясын ұйымдастырушы әрі оның тұңғыш Президенті  Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақстанның пайдалы қазбалары»  атты дөңгелек үстел өткізді.  Дөңгелек столдың мақсаты:Оқушыларға Қаныш Сәтбаев жайлы мәлімет бере отырып әдеби тілін қалыптастыру,сөздік қорын молайту,ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытып, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.  ғалымның өнегесі мен еңбектері арқылы оқушыларды білімді, дарынды, өнегелі болуға тәрбиелеу, отансүйгіштік сезімдерін арттыру.

Категория: Бейнежазбалар

 

Мемлекет басшысы Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысын өткізді

Автор: admin от 12-04-2024, 08:59, посмотрело: 10

0 Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің алғашқы отырысын өткізді. Жиында еліміздің ғылыми-техникалық саясатының алдағы басымдықтары айқындалды.

 Мемлекет басшысы қай заманда да дамудың басты кілті ғылым екенін атап өтті.
Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы – білімнің жемісі. Әсіресе қазіргі озық технология дәуірінде ғылымсыз алға басу мүмкін емес.
Жалпы, біз алдымызға қол жеткізе алмайтын тым асқақ мақсаттар қоймауымыз керек, бірақ ғылыми жетістіктерге жету үшін бар күш-жігерімізді салуымыз қажет. Қазақстан үйренетін емес, үйрететін, тұтынатын емес, өндіретін мемлекетке айналуға тиіс. Бұл міндет бос сөз күйінде қалмауы керек. Ол үшін біз әрдайым батыл қимылдап, бір қадам алда жүруіміз қажет. Жұмысты дұрыс үйлестіре алсақ, бұл шаруа біздің қолымыздан келетіні анық!

Категория:

 
 

«Лудомания – құмар ойындардың зияны» тақырыбында семинар-тренинг

Автор: admin от 9-04-2024, 13:47, посмотрело: 22

0 «Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментор» жобасы аясында жылдық жоспарға сәйкес «Лудомания – құмар ойындардың зияны» тақырыбында Мағжан Жұмабаев атындағы №19 мектеп-гимназиясының 8 «Ә» сынып оқушыларына семинар-тренинг өткізді.Мақсаты: Оқушыларға құмар ойындары деген не, оған адам қалай тәуелді болады және оның зардабының қандай болатынын түсіндіре отырып, олардың құмар ойындарына  қарсы білімдерін жетілдіру.Дүние¬жүзілік денсаулық сақтау ұйы¬мы ойын құмарлықтың қауіпті екенін ес¬кере отырып, құмар ойын¬¬дар мен компью¬тер ойындарына тәуелді  адамдар нашақорлар мен маскүнемдер сияқты эмоционалды жандар екенін мойындады. Бұл індетпен күресуде ең маңыздысы оның елімізде дендеп кетуінің алдын алу жұмыстарын жүргізу екені анық. Олай болса адамдар, әсіресе жастардың құмар ойындарының зяны туралы толық және дұрыс ақпараттар алуы керек.

Категория:

 

"Ғылым бейнесі-жаратылыстану пәндерінде"атты жаратылыстану бірлестігінің апталығының ашылуы өтті.

Автор: admin от 8-04-2024, 14:06, посмотрело: 15

0 Мағжан Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп гимназиясында 08-18.04.2024  аралығында "Ғылым бейнесі-жаратылыстану пәндерінде"атты жаратылыстану бірлестігінің апталығының ашылуы өтті. Мақсаты: Оқушыларға қазіргі таңдағы ғылымның дамуы және ғылымның өмірмен байланысы туралы мағлұмат бере отырып оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; 
Өз Отанының табиғатын қорғай білуге бағыт беру , табиғатты қорғау шараларына белсенді араласу дағыдаларын қалыптастыру және салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Категория: Бейнежазбалар

 

ҚР Президентінің су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеу жариялады

Автор: admin от 5-04-2024, 15:18, посмотрело: 12

0 Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеу жариялады. Қандай қиын жағдай болмасын тек бірлік арқылы ел болып, халық болып төтеп беруіміз керек. Біз біргеміз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Категория:

 

9 сынып оқушысы Жұмағазы Жайықты, “ Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы” бағыты бойынша 9 сынып оқушысы Берік Айзерені және жетекшісі Дюсембинова Назира Ермухановнаны құттықтаймыз.

Автор: admin от 5-04-2024, 15:11, посмотрело: 19

0 Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен қалалық “Абай оқулары” байқауының “Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда” бағыты бойынша жүлделі  I  орын иеленген 9 сынып оқушысы Жұмағазы Жайықты, 
“ Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы”  бағыты бойынша 9 сынып оқушысы 
Берік Айзерені және жетекшісі Дюсембинова Назира Ермухановнаны құттықтаймыз.

[media=https://youtube.com/shorts/xFSCKfOH-v8?feature=share]

Категория: Бейнежазбалар,

 
 

Конкурстың ұзартылу мерзімі

Автор: admin от 4-04-2024, 11:19, посмотрело: 11

0

Категория:

 

Мағжан оқулары!

Автор: admin от 3-04-2024, 14:43, посмотрело: 18

0 Ұлт ақыны М.Жұмабаевтың мұрасын жас ұрпаққа таныту, қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, мектеп оқушыларының классикалық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және дарынды оқушыларды қолдау мақсатында 2024 жылдың 3 сәуірінде М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясында Республикалық «Мағжан оқуы» байқауының қалалық кезеңі өткізілді. Мағжан оқуының қалалық кезеңіне жалпы орта білім беретін мектептердің 7-11-сынып оқушылары қатысып, жүлделі орындармен марапатталды

Категория: Бейнежазбалар

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine